Облыс әкімі Қордайдағы бірқатар нысандармен танысты

0 45

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданындағы жұмыс сапары барысында Қарасу ауылындағы мәдениет үйінің қызметімен танысты.

90 орындық нысан жақында ғана пайдалануға берілген. Заманауи жаңа ғимаратта бірқатар үйірмелер ашылып, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.

— Біздің мақсатымыз — балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасау. Осындай ауылды жердегі мәдениет, спорт нысандарында түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, олардың сапалы әрі тұрақты жұмыс істегені маңызды, -деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң аймақ басшысы Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысын көрді.

Үш негізгі блоктан тұратын нысан құрылысын мердігер «ТемирСтройСервис» ЖШС жүргізуде.

Жаңа мектеп ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облыс әкімі жауаптыларға құрылыстың сапасын айрықша бақылауда ұстауды, мердігерге белгіленген мерзімінде аяқтау үшін жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов жолай жергілікті шаруалардың пияз алқабымен танысты. Бүгінде пияз жинау жұмысын бастап кеткен шаруалар әр гектарынан 70 тоннаға дейін өнім алуда. Алқап басынан пияздың келісін 40 теңгеден өткеруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.