«Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауында Жамбыл облысының жобалық офисі 1-орынды иеленді

0 14

Астана қаласында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен «Qazaqstan Project Management Awards-2023» жобалық басқару жөніндегі ұлттық байқау өтті.

Байқауда Жамбыл облысының жобалық офисі 1-орынды иеленіп, «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясын жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл байқау мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарына арналған.

Форумда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам менеджер «Үздік жобалық кеңсе», «Үздік жоба» және «Үздік жобалық менеджер» номинациялары бойынша бақ сынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.