Жаңа техника жетістікке жетелейді

0 16

Қордай сияқты агралы ауданда ауыл шарушалығы техникаларына деген қызығушылық әрдайым жоғары. Әсіресе, бір өзі бірнеше жұмысты еңсеріп, шаруа тірлігін тындырып отыратын техникаға қашанда сұранысқа ие. Осы орайда сәрсенбі күні қордайлық шаруалар отандық өнім саналатын «KAZKIOTI» зауытының техникаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Еңбектің жоғары механизациясы өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасының өсуіне кепілі болып табылады. Ауыл шаруашылығының машиналар мен жабдықтарға деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру үшін өндірістердің бүкіл кешенін одан әрі дамыту және жетілдіру өзекті міндет болып табылады. Сол міндетті орындауға өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатқан аталмыш зауыт өнімдері қазір аграрилар үшін қолжетімді болып отыр. Қордай ауылы жанындағы егіс алқабында өткен арнайы жиында зауыт техникалары сап түзеп, жақыннан танысуға мүмкіндік берілді.

Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Жұлдықбек Бақаев ауданымыз үшін техника паркін жаңарту өндіріс көлемін артыруға үлкен сеп болатын атап өтіп, мемлекеттік қолдау турасында сөз етіп, жиналған қауымға алғысын жеткізді. Сөз алғандар қатарында Қордай ауданы ауыл шарушылығы бөлімі басшысы Ғалымжан Оспанов, «Қалдыбай тегі» шару қожалығынң басшысы Гаухарбек Мамбеталиев және «KAZKIOTI» ЖШС өкілдері болды.

Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ауыл шаруашылығы тракторлары мен комбайындарын жасайтын зауыт 2016 жылы бастау алған. Қазіргі таңда аймағымызда бұл зауыт өнімдері сұранысқа ие болып отыр. Оның үстіне Отандық өндіріс болған соң техника бағасының 30 пайызын мемлекет субсидиялайды екен. Бұл да шаруаларға жасалып отырған үлкен көмек, дейді  «KAZKIOTI» өкілдері.

Жиын барысында жиналған қауымға серіктестіктің үш техникасы таныстырылды. 4 цилиндірлі, «DF 404» модельді, 40 аттың күші бар шағын трактор үй маңы мен жылыжайларда жұмыс істеуге әбден қолайлы. 3 нүктелі тіркеу тетігі, рулі гидравликалық болып келетін әмбебеп трактор шағын шаруаның нағыз көмекшісі. Ал, «DF 904» модельді үлкен тракторға аудан шаруалары үлкен қызығушылық танытты. Тіпі оталдырып көріп, соқасымен жыр жыртып, техниканың мүмкіндіктеріне баға берісті. 90 аттың күші бар әмбебап трактордың таза салмағы 3580 келіні құрайды екен. Бір өзі бірнеше жұмысты атқаруға қауқары жететін техниканы қазір сатып алам деушілерге бағасы да айтылды. 14 миллион теңге тұратын техника бағасының 30 пайызын мемлекет төлеп береді. Тіркемелерге арналған пневмо жүйе, 4х4 жетегі бар, шу оқшаулағыш пен кондиционері, жүргізушіге арналған жайлы кабиналы трактор шаруа жұмысын жандандыру үлкен көмек болмақ.

Сатып алуға ниет танытқандарға серіктестік өкілдері сол жерде толықтай түсініктеме беріп, қажетті сұрақтар туындағанда хабар алуға телефон номерлерімен қатар зауыт өнімдерінен толықтай ақпарат беретін брашюралар ұсынды.

 

Ж.Омаров

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.