Бірлік күніне арналған мерекелік іс-шара

0 3
1 мамыр- Бірлік күні. Мерекеге және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қоғамдық келісім» мекемесі қаламыздағы «Март» сауда, ойын-сауық орталығында мерекелік іс шара ұйымдастырды.
Игі шарада «Поющие сердца» немістер қауымдастығының вокальдық ансамблі, «Вдохновение» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының мүшесі Мадина Бекмузаева, облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсендісі Перизат Асқарбек және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Қалижан Саркеев өнер көрсетті.
Мерекелік кешке куә болған қала тұрғындары мен қонақтары концерт барысында белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.