Байзақ ауданында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша
жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы бағыттағы игі істердің бірі – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылған сенбілік шарасы.
Бүгін Қостөбе ауылындағы Талас өзенінің жағалауында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және Ақпараттық медиа орталығының ұжымдары бірлесе отырып, сенбілік жұмыстарын атқарды. Тазалық шарасы барысында жағалау күл-қоқыстан тазартылды. Басым көпшілігі жастарды құраған акция қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіруде үлкен рөл атқаруда.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тек бір күндік іс-шарамен шектеліп қалмай, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Аудан жастары экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын жете түсініп, өз белсенділіктерін көрсетті. Айта кетейік, бүгінгі сенбілік шарасы аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде өткізілді. Тазалық жұмыстары аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиевтің бақылауында болды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.