Отбасы күніне орай келіндер сайысы өтті

0 3

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 15 қыркүйек отбасы күніне орай этномәдени бірлестіктер арасында «Келіндер сайысы» байқауы өтті.

 

Облыстың әр аймағындағы этномәдени бірлестік өкілдерінен жиылған барлығы 16 қатысушы таныстыру, өз этностарының тағамдарын дайындау, отбасы құндылықтары туралы түрлі сұрақтарға жауап беру және өз өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті.
Келіндердің келісті өнеріне әділ бағасын берген қазылар құрамында «Қоғамдық келісім» КММ Мубарак Жинақбаева, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Қабиева және аймақтық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева болды.
Аталған іс-шара ұрпақтар сабақтастығын сақтап келе жатқан, бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен достықтың, еңбекқорлық пен мейірімділіктің, жастарға тәлім-тәрбиенің, жарқын болашақтың үлгісін көрсетер, қоғамдағы отбасылық институттың маңызын арттырып, салт-дәстүрді насихаттау, жаңа буынға келін образы арқылы инабаттылық пен әдептілікті үлгі етуді көздейді.
Бәсекенің талабына сай жасы – 18-35 аралығындағы,түрлі этностың ұлттық нақыштағы киім үлгісінде және этнос құндылығын айшықтайтын тағамдарын дайындап, ән, би, қолөнер, аспапта ойнау сияқты өнермен ерекшеленген этномәдени бірлестік өкілдерінің арасынан алты қатысушысы жеңіс тұғырнан көрінді.
Атап айтар болсақ Қордайдан келген «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Ругиян Хурман және облыстық өзбек этномәдени бірлестігінен Сабина Ирназарова үшінші орын, Меркі жерінен «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының мүшесі Айжібек Келдібаева мен аймақтық «Махмұт Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Мухаббат Алеханова екінші орын алса, Т.Рысқұлов ауданының «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің мүшесі Шырын Оспанова бірінші орынды иеленді. Сайыстың ережесне сай келіндік жөн-жоралғы және өнерімен ерекше көзге түскен таластық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының мүшесі Еркеназ Сауранбек бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар және дипломдар табысталды.
Келіндер бәсекесінің соңы естелік суреттерге түсіп, қатысушылар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс айтумен тәмамдалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.