Жолдау жүктеген міндеттер орындалуымен құнды

0 2

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі жолдауын жүзеге асыру туралы жиын өтті.


Еске сала кетейік 2025 жылдың 8 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы жарияланған болатын.
Мекеме басшысы Мубарак Жинақбаева және этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жолдауда айтылған елдің даму стратегиясының жаңа кезеңдері, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жүйені жаңғырту мәселелері туралы ой қозғап, ҚХА аймақтық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі төрайымы Сара Даузова берілген тапсырмаға сай атқаруға тиіс жұмыстардың ауқымы кең екенін алға тартты.
Жиынға қатысушылар Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері Жолдаудағы бастамаларды қолдай отырып, оларды тиімді жүзеге асыруға дайын екендерін айтып, Президент Жолдауын басшылыққа алып, алдағы жұмыста жауапкершілік пен талапты күшейтіп, өңірдің тұрақтылығы мен келісімін, бірлігін қамтамасыз етуге баса назар аударатындарын жеткізді.
Жиын соңы бірлестік өкілдерінің Жолдауға сай атқаруға тиіс жұмыс жүйесін құрумен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.