«Мәңгілік -достық» атты ауқымды этнофестивалі ауқымды түрде аталып өтті

0 2

Бүгін Жамбыл облысы «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мәңгілік -достық» атты ауқымды этнофестиваль өтті.


Ала шапанды ағайынның мәдениеті мен этностық болмысын айшықтайтын жиынға Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, №4 орта мектептің қызметкерлері, бірлестіктің ардагерлері мен өкілдері және жалпы этномәдени бірлестіктің басшылары мен мүшелері қатысты.
Этнофетиваль шымылдығы Өзбекстанда өткен «Камолат 2000» байқауының жүлдегері Рустам Юнусовтың «Түркістан» әнімен түріліп, Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығының құрметті төрағасы, «Құрмет» және «Достық» ордендерінің иегері Икрамжан Хашимжановтың құттықтауы және этносқа еңбегі сіңген белсенділерге «Dostlyk» 30 жыл төсбелгісін табыстау рәсіміне ұласты.
Фестиваль барысында Шымкент қаласынан арнайы келіп өнер көрсеткен Өзбек драма театры актерларының «Сайрам базары», «Омон Ёр» композициялары және «Томирис» қыздар би тобының орындауында түрлі этностардың билері көрерменнің көзайымына айналды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева жиынға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, фестиваль мен көрмеге белсенді түрде атсалысқандарды марапаттады.
Ауқымды шара жергілікті әншілердің концерттік нөмірлерімен өз мәресіне жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.