Жамбыл облысында тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін 347 контейнер орнатылды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.
Нұржан Молдиярұлының айтуынша, облыста 2,8 миллион тонна, ал Тараз қаласы бойынша 2,6 млн.тонна қатты қалдықтар жинақталған.
2018 жылдың 1 жартыжылдығына түзілген қалдықтардың жалпы көлемі 31,8 мың тоннаны құраса, Тараз қаласында 12,5 мың тоннадан асады. 374 елді мекеннің 317-де 165 қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигон орындары белгіленіп, 163 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттары ресімделген. Сонымен қатар, Қордай ауданы Қақпатас ауылы мен Қайнар ауылдарында рұқсаттардың жарамдылық мерзімдері аяқталған. Қайталама шикізат және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2020 жылға дейін Жол картасы бекітілді.
Сондай-ақ, Тараз қаласында тұрғын үйлер аулаларында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін (полиэтилен ыдыстарын, пластик, шыны бөтелкелерін) 347 сеткалы контейнерлер орнатылған. Жиналған қалдықтар қайта өңдеуге жіберіледі. Облыс орталығында қалдықтары, электрондық құралдар, моторлы майлар, шыны, қағазды сұрыптауға, кәдеге жаратуға арналған 15 мекеме бар. Атап айтар болсақ, ЖК «Шахристан», ЖК «Хастал оглы П.М.», ЖК «Бақыт», ЖК «Танибеков», ЖК «Санит МиБ», ЖК «ХалалСауда», «KazEcology» ЖШС, «Дажан» ЖШС, «ТаразТехноРесурс» ЖШС, «ТаразТеплоСтрой» ЖШС, «ЮгШинТорг» ЖШС, «ТаразПолиХим» ЖШС, «Айнек-Тара», ЖШС, «ЭкоТехСтандарт» ЖШС, «АклерГруппЮг» ЖШС-і.
Басқармаға қарасты 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелердің жанынан өрт сөндіру станциялары құрылып, құрамы 9 адамнан тұратын, барлығы 126 бірлік жасақтар бар және арнайы өрт сөндіру автомашинасымен және өрт сөндіру құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Табиғат өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында орман қоры аумағында өртке қарсы – 9000 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланып, уақытымен аяқталды – деді, спикер өз сөзінде.
Орман-дала алқаптарында халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге бағытталған үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Орманға жақын орналасқан елді мекендердің төңірегінде және үлкен жол бойларында өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша 208 тақтайшалар, 38 панно орнатылды. Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» № 18-02/664 бұйрығының талабына сай 41,6 пайызды құрап отыр. 2018 жылы облыстық бюджеттен орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында 225,0 млн. тенге бөлініп, қажетті техникалар алынды. Сол себептен, бүгінгі күні орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы пайыз құрап отыр.
Жалпы, облыс тұрғындарынан қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту үлесі 79,2 пайызды құрап отыр. Қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды, ауыл елді мекендерде – 64,5 пайыз.Бұл көрсеткіш2021 жылға дейін 100 пайызға жеткізіледі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қала тұрғындарымен 60 пайыз, коммерциялық мекемелермен 30 пайыз және бюджеттік мекемелермен 10 пайыз шығарылуда.