Таразда елімізге танымал лекторлардың қатысуымен облыстық семинар өтті

0 0

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің дінтанулық сауаттарын арттыруға арналған облыстық семинар өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған азаматтардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында, арнайы елімізге танымал лекторлар шақырылды. Атап айтқанда, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, теология ғ.д. Мұхан Исахан, «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының оқытушысы, теология ғ.д. Мұхитдин Паттеев, Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті жанындағы «Яссауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия және теология ғ.д., профессор Кенжетай Досай  қатысып, «Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар», «Зайырлы ел – қайырлы ел», «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – конфессияаралық келісім» тақырыбында дәрістер оқыды.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыңаржақ діни ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың тәсілдері мен ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріліп, жастар мен жасөспірімдер аудиторияларында өткізілетін іс-шаралардың санына емес, сапасына назар аудару қажеттілігі айтылды.

Жиын соңында семинар қатысушыларына қызмет барысында пайдалану үшін арнайы кітапшалар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.