Бүгін 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығында қайырымдылық мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Қайырымдылық акциясы Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығының мәжіліс залында өтті.
— Біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, қарттарға жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Бүгінгі ұйымдастырып отырған қайырымдылыұ іс-шарамызда осы мақсатта. «Ниет» қоғамдық қоры мен Тараз қаласы әкімдігі арасында қабылданған ынтымақтастық меморандумы тұрмысы төмен отбасыларын, мүгедектер мен жетім балаларды қолдауға бағытталған қайырымдылықты негіздейді, — деді қала әкімі.
Аталған мемерандум аясында «LC Waikiki» киім дүкендер желісінің демеушілігімен 5000 дана киіммен қамтамасыз ету көзделіпті. Қайырымдылық акциясы Астана қаласының 20 жылдығынан бастау алып, ағымдағы жылдың шілде айында Тараз қаласындағы 97 отбасының 474 адамы киіммен қамтамасыз етілген.