Өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс медиаторларының «Медиация-бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты облыстық конференциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конференцияны өткізудегі басты мақсат-медиация институтын дамыту бойынша өзекті мәселелер мен жұмыс әдістерін, ҚХА медиация құрылымдарының мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау.
Іс-шараны аша отырып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жақсылык Жасөркен Берікұлы бүгінгі таңда Қазақстан халқы ассамблеясы, медиаторлар, жергілікті атқарушы органдар және барлық мүдделі мемлекеттік органдар бітімгерлік рәсімдерді қолдану арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында біраз жұмыстар атқарғанын атап өтті.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Шәбден Тілеумұрат бүгінгі күнге дейінгі медиация мен облыстық Қоғамдық келісімнің кеңесінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, «Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметіндегі медиацияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады: Өз құзыреті шегінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара бірлесе отырып жұмыс жасайды. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыруына қоғамдық бақылауды, халық проблемаларының мониторингін жүргізіп, олардың шешілу жолдарын қарастырады.
Мәселен, бүгінгі таңда біздің облыста 177 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыста, 4 қалада, 154 ауылдық округтерде және 9 ірі кәсіпорындарда «Қазфосфат» ЖШС, «Таразэнерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Жамбыл-Жылу» КММ, «Тараз — Су»КММ. Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің жалпы саны – 1108. ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, аудан кеңестерінің, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша да бірқатар мәселелер шешілді. Бұл өзара іс-қимылдар біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі сақтау үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Жамбыл облысындағы ҚХА медиация кабинетінің қызметі бойынша есеп беру баяндамасында Валентина Досыбиева конференцияға қатысушыларды кабинеттің атқарылған жұмыстары туралы слайдтар көрсету арқылы таныстырды. Баяндамада Облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы адамды заңсыз бас бостандығынан айырған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық істердің қаралғаны, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер туралы статистикасы бойынша 2019 жылдың жарты жылдығында облыс соттарымен 71 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылғаны, ал сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу және анықтау бөлімдері медиаторларының қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты 139 қылмыстық іс қысқартылғаны мәлімденді.
Одан әрі Жамбыл облыстық сотының судьясы, бітімгершілік шаралар жөніндегі үйлестіруші Дінмұхаммед Әзіретқұлов «Азаматтық сот ісін жүргізудегі бітімгерлік рәсімдер туралы» баяндамасында медиация тәртібімен рұқсат етілген «азаматтық істер» санының өсуіне тоқталды және бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,7% — ға көбейгенін көрсетеді. Аймақтық ассамблея аналар кеңесі төрағасының орынбасары Аракси Плетневаның пайымдауынша — отбасындағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуы, Аналар кеңесі кез келген өзекті мәселелерді шешу үшін іргелі қоғамдық күш болып табылатындығы және балаларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу үшін отбасылық құндылықтарды қайта жандандыру іс-шаралары жүргізілу керек. Сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінің КММ директоры — Бауыржан Бектұрғанов «Мектеп медиациясы» атты баяндамасында Жамбыл облысында Медиация кабинетінің ашылғаны үшін алғысын білдіріп, кабинеттің ашылуы мектеп балалары мен олардың ата-аналарының тыныштықта болатыны және мектеп арасындағы қақтығыстар ендігі тезірек және оңай шешілетіндігі сөз болды.
Іс-шара соңында бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты және сындарлы диалог өтті, тиісті қарар әзірленді және осы бағытта ұсыныстар енгізілді.
Медиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін ынтымақтастық серіктестері мен ерекше көзге түскен медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция соңында қатысушылар медиация күніне арналған дайындалған музыкалық бағдарламаны тамашалады.