Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы фейсбук парақшасына жариялады, — деп хабарлайды Zhambylnews АА.
Облыста 5 мектеп, оның ішінде апатты жағдайдағы-1, үш ауысымды-1 және орын тапшылығы бар-3 мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Осылайша биылғы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді.
Олар Жамбыл ауданы Бірлесу еңбек ауылындағы, Меркі ауданының Қазақ дихан ауылындағы, Шу қаласының Тоғай массивіндегі орын тапшылығы бар мектеп, Байзақ ауданындағы үш ауысымды Ақшолақ мектебі және Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы апатты мектеп.
Жалпы ағымдағы жылы облыс бойынша 16 білім нысанының құрылысын жүргізуде.