Елімізде биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны «Ел Тірегі — 2019» республикалық акция шеңберінде өткізілмекші. Міне осы акция шеңберінде Жамбыл облысы Әкімінің бірінші орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссия төрағасы Бекболат Орынбековтың басшылығымен, Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде азаматтарды 2019 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруды қорытындылай отырып, күзгі әскерге шақыруға тапсырмалар қою бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабағы өтті.
«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпанындағы №840 Жарлығын орындау мақсатында, қыркүйек айынан бастап, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер арқылы мерзімді әскерге шақырылады. Кезекті әскерге шақыру жасағын орындау бойынша, жергілікті әскери басқару органдарында әскер жасындағы жастарға хабарлау, шақыру қағазын тарату жұмыстары басталып кеткен.
Осындай шараның маңыздылығына байланысты күзгі әскерге шақыруды сапалы өткізу үшін, Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары төрағаларының, құқық қорғау органдары басшыларының, әскерлер мен ведомстволардың өкілдерінің, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі қала басқармасы мен аудан бөлімдері бастықтарының, әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлім мен бөлімше бастықтарының, денсаулық сақтау бөлім басшыларының орынбасарлары – медициналық комиссия төрағалары қатысты. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында облыстық жергілікті әскери басқару органдары басшыларының дайындықтары туралы баяндамалары тыңдалды және олар өз есептерінде алдыңғы әскерге шақыру науқанында орын алған мәселелі сұрақтарды қамтыды.
Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Жабықбаев Е. азаматтарды көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындысы барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген Байзақ, Т. Рысқұлов, Қордай, Меркі, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарын атап өтті. Сол сияқты әскерге шақыруға дайындық барысында Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелерімен, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларының жоспары құрылып, бекітілгендігін, әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулық, отбасы жағдайы, білім деңгейі туралы мәліметтер сарапталатындығын айтты.
Сондай-ақ азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі мен моральды-психологиялық тұрақтылық жағдайларына талаптар күшейтілді. «Әскери қызметшілердің моральды-психологиялық жағдайын тексеру азаматтардың жарамды мен жарамсыздығын анықтау үшін ғана емес, бұл офицерлердің әр сарбаздың қандай әрекетке икемді екенін білуге болады» , — деді келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру басқармасы бастығы подполковник Жәнібек Сапаров. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іріктеу, зерделеу және әскерге шақыру жұмыстары үзіліссіз, тоқтаусыз өткізілуде. Қазір әскерге шақырылатын азаматтарды зерделеу жұмыстары өткізілуде. Сұхбаттасу тек жастармен ғана емес, олардың ата-аналарымен немесе оларды тәрбиелеушілермен, сондай-ақ жұмыс орнының басшыларымен өткізіледі. Бұндай сұхбаттасулар арқылы болашақ сарбаздардың моральды-психологиялық жағдайын білуге болады. Жамбыл облысынан 2019 жылдың күзінде кейінгі қалдырылуға, немесе босатылуға жатпайтын мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен бір жарым мың азамат шақырылады. Заңға сай мерзімді әскери қызметтен денсаулық, отбасылық жағдайына, оқуды жалғастыруға және т.б. дәлелді себептер бойынша босатылады. Соңғы аталғандарға ауылдық жердегі мұғалімдер, дәрігерлер кіреді.
Сабақты қорытындылай келе, облыстық әскерге шақыру комиссиясы төрағасы Бекболат Орынбеков жиынға қатысушыларға сәттілік тілеп, әскерге шақыру кезеңінде қатыстырылатын лауазымды адамдарға жеке жауапкершіліктері туралы жеткізді.
майор Смағұл Меруерт
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметінің бастығы