Жамбыл облысында 58 МЭТ субъектілері міндетті энергия аудитін жүргізбеген

0 28

Жамбыл облысында 58 МЭТ субъектілері міндетті энергия аудитін жүргізбеген. Бүгін бұл туралы ӨКҚ алаңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2018 жылғы 16 сәуірдегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің № 5-1-Н нұсқамасын орындау туралы хатына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша міндетті энергия аудитін жүргізбеген 58 МЭТ субъектілері туралы ақпарат келіп түсті. Аталған 58 МЭТ субъектілеріне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802 бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, хат арқылы қосымша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қарау туралы ұйғарымдамалар жіберілді.

Соның ішінде 49 МЭТ субъектілеріне (оның ішінде: ірі – 15, орта – 15, кіші – 19) Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 16-бабы 5-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Кодекстің 293 бабының 1-тармағына және 810 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қысқартылған іс жүргізу бойынша 50% қысқартылған түрде айыппұлдар жалпы соммасы 3 902 112,5 тг көлемінде салынып, өз мерзімдерінде толығымен өндіріліп алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.