«Жастар жылы» аясында, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Тараз қаласы мен аудандардың «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік іс-шаралары 2019 жылдың 14 маусым мен – 8 қыркүйек аралығында әр аптаның жұма, сенбі күндері «Жеңіс» саябағында өтті. Оның ішінде, театрландырған көріністер, қойылымдар, би композициялары, концерттер ұсынылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Жамбылым қандай тамаша!» салтанатты кешінің негізгі мақсаты – тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында баяндалған қоғамдық сананы жаңғырту идеясын нығайту және Жамбыл облысының қазіргі келбеті мен жетістіктерін кеңінен насихаттау.
Халық алдында Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов аудандарының әртістері өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, қалалық мәдениет үйі, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен қаламыздың атақта ансамбльдері ән мен биден шашу шашты. Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараның жалғасы көңілді биге ұласып жатты.