Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен экскурсия ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ардақты ардагерлеріміз «Желтоқсан» скверіндегі «Желтоқсан толқыны» субұрқағына, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына, Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштеріне, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» залына барды.