Меркі ауданы әкімі Мейірхан Өмірбектің бастауымен бүгін мемлекеттік қызметшілер тазалық жұмыстарына шықты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Меркі ауданы орталығындағы «»Табиғат сыйлығы» сауда үйінің маңындағы талар кесіліп, топырақ тегістелді.
Күзгі абаттандыру жұмыстарына сай мұнда екі мың түп раушан гүлі орырғызылатын болады. Сонымен қатар, тегістелген жерге газон егілетін болады. Тазалық жұмыстарына аудан әкімінің орынбасарлары мен округ әкімдері, мекеме-ұйым, бөлім басшылары мен мамандары жұмылдырылды. Аудан әкімдігі алдының да жері аударылып, гүлзар егуге дайындық жүргізілуде.