Жамбыл облысында жолдау аясында кеңейтілген отырыс өтті

0 1

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жергілікті кәсіподақ өкілдерінің арасында талқыға салған кеңейтілген отырыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпаратттық Агенттігі.

Аталған жиынға өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Е.Егембердиев, әлеуметтік әріптестер тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Б.Әбді, Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С.Арубаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы қатарында 2 млн.-ға жуық мүшесі бар, 38 мүшелік ұйымға біріккен 18 мың бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестік.

Осы ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі өз кезегінде облыстағы 120 мыңнан астам еңбек адамының басын 15 салалық кәсіподақ ұйымына біріктіретін ұйым.

Отырыста Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Е.Егембердиев Жолдауда алға қойылған мақсаттар, соның ішінде еліміздің кәсіподақ ұйымдары үшін оның ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдарын сөз етті.

Жалпы, кәсіподақ ұйымдары жұмыстарының басты мақсаты – еңбек адамының әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мемлекет басшысының Жолдауында саяси жаңғырудың өзекті мәселелері, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің көтерілгені айтылды.
Сонымен қатар, осы Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруға, әлеуметтік қолдау жүйесін әрі қарай дамытуға негізделген басты бағыт-бағдарының айқындалғаны көпшіліктің көңілінен шықты.
Атап айтқанда, кәсіподақ мүшелерінің көпшілік бөлігін құрайтын мәдениет саласы қызметкерлерінің, ұстаздардың жалақысын арттыру, тау-кен өнеркәсібі саласының жұмыс берушілерін жұмысшылардың еңбекақысын арттыруға ынталандыру үшін Үкіметке жаңа әдіс-тәсілдер әзірлеу туралы тапсырмалар берілгені қуантарлық бастама.

Сол сияқты, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген жұртты кейбір «масылдық» кейіптен арылып, адал еңбек етуге шақырғанын кәсіподақтардың басты принципімен ұштасады. Кәсіподақтар әрдайым адал еңбекті дәріптеп, еңбек құндылықтарын жоғары ұстап келеді, – деді.

Жиында сөз сөйлеген кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары Е.Мағзымбеков, Ж.Алшынбаев, Ш. Байғанов және т.б. аталған Жолдауда орын тапқан әлеуметтік мәселелердің барлығы бүгінгі күні өзекті де өткір, сондықтан оларды бірлесе жүзеге асыру басты міндетіміз, – деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.