Талас ауданында статистикалық мәлімет бойынша жастар саны 13864 жасты құрауда, яғни халық санының 25,1 пайызы жастар болып саналады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында «Жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» Жастар қанаты және 3 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і 2018 жылдың 12 айында қоғамдық, мемлекеттік ұйымдармен бірлесе 655 іс-шара ұйымдастырып өткізген.
Жастар жылына орай ауданда ауқымды іс-шаралар жоспарланып, аталған жоспарларды жүзеге асыру аясында 5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге әр түрлі тақырыптарда 16 іс-шара «Ұлы даланың жастары» атты аудандық пікірталас турнир, «Аяулы ана, Ибалы келін-2019» атты аудандық жас келіндер байқауы, «Туған жерге тағзым» атты экспедиция, «Сұңқар» әскери патриоттық ойындары, «Жастар-ұлттар бірлігінің ұйытқысы» атты аудандық жастар фестивалі)өткізілді. Ағымдағы жылдың 13-15 тамызы аралығында «Жұрындысай» сауықтыру лагерінде жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына, қоғамдық өмірге бейімделуге ықпал етуге бағытталған «Жастар — болашақ энергиясы» тақырыбында оқыту-сауықтыру лагері өтті.
Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар бөлу бойынша барлығы 46 жоба ұсынылып, 36 млн. теңгенің 16 жобасы қолдау тапты. Бұлда біздің аудан жастарының белсенділігінің арқасы деп білемін.
Сол сияқты, «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздерінде 64 жас оқуын аяқтап, қазіргі таңда аталған жастар өз бизнес жоспарларын жасап, Республикалық бюджеттен бөлінетін 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа 44 жобаға қаржы бөлініп отыр.
Ауданға келген жастарды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 8 айында 29 маманға көтерме жәрдемақы үшін 5 млн. 505 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін 12 маманға 37 млн. 685 мың теңге несие берілген.