Талас ауданында білім беру саласы бойынша ауданда 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 35 мектеп, 24 балабақша 5 бала бақша жекеменшік, 16 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2018 жылы Қаратау қаласында 4 жекеменшік балабақша ашылды 275 орын.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1 жекеменшік балабақша ашылып 50 орын, бір жекеменшік балабақша қыркүйек айында ашу жоспарлануда 50 орын.
Мәдениет саласы бойынша Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты барлығы – 39 нысан тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобасы аясында 2018 жылы Талас аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылып, толыққанды жұмыс атқаруда.
2019 жылы аталған бастаманы жалғастыру мақсатыда Ақкөл ауылынан «Коворкинг» орталығын ашуға аудандық бюджеттен 1 млн. 700 мың теңге бөлініп, қыркүйек айында ашу жоспарлануда.