Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша ағымдағы жылдың 10-17 қазаны аралығында Жамбыл облысының Полиция департаменті «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Профилактикалық іс-шара жол-көлік оқиғаларын азайту, автокөлік жолдарында жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдағы тәртіпті арттыру мақсатында өткізіледі.