Жамбыл облысында жолдарды күтіп ұстауға жұмсалатын қаржы үнемделді-Еркебұлан Дауылбаев

0 0

Аудандық маңызы бар автожолдардың тізіміне түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, автожолдар ұзындығы 1 912,6 шақырымнан 1 188,4 шақырымға қысқарып, заң талаптарына сәйкес келмейтін 724,2 шақырым елді мекен көшелері мен шаруашылық жолдары есептен шығарылды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары    Еркебұлан Дауылбаев айтты,- деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысымен жыл сайын аталған жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалатын 100 млн. теңгеге жуық қаржы үнемделді.

Ағымдағы жылы Тараз қаласы және аудан аумағындағы елді мекендер көшелерінің нақты ұзындықтарына түгендеу жүргізу нәтижесінде, көшелердің ұзындығы 4 614,8 шақырымнан 5 662 шақырымға ұзарып, тізілімге енгізілмей келген 1 047,2 шақырым жол немесе 415 көше қосылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.