Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде дәрі-дәрмек толтырылған ерлерге арналған етік табылды. Аяқ-киім Алматы қаласынан сотталғандардың біріне жолданған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Үстіміздегі жылдың 25-қазан күні жаза өтеушілерге кезекті рет жолданған сәлемдемелерді тінтіп-тексеру барысында орамахат көңілге күдік туғызған. Режим бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Саят Рахимов пен 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы сержант Мөлдір Оңғарбаева жіті зерделеу барысында былғары бәтеңкенің табаны яғни ұлтарақ асты толы болған.
Тексеру нәтижесінде 491 дана белгісіз ақ дәрілік препараттар анықталған. Осыған байланысты оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптамада аталған дәрінің психотроп екендігі толықтай дәлелденді. Дәрігердің қатаң рецептімен ғана саудаланатын емдік заттың мұндай көп мөлшерде қоғамда еркін қолдан-қолға қалай тарағаны тексерілу үстінде.