«Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «марихуана» есірткі затын заңсыз өткізумен айналысқан Талас ауданының үш тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі сатушылардың тұрғылықты жері бойынша тұрғын- жайларын және іргелес аумаққа тінту жұмыстарын жүргізу кезінде «Леди» лақап атты қызметтік- іздестіру иті жалпы салмағы 2,4 келіден астам марихуана есірткі затын тапты.
Күдіктілер кінәсін мойындап, Талас аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.