Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандарға арналып спектакль сахналанды

0 2

ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандарға арналып спектакль сахналанды. Қанатбек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиялық туындысын Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері сомдаса, жастар арасындағы махабатты бейнелейтін қойылымның көркемдігі мен шынайылығы айрықша сезілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әуелден әдемі әзілмен бастау алып әсем әнмен әдептелген спектакль ақын, суретші және магистрант жігіттердің ауылдың хас сұлуына сырттай ғашық болуымен басталады. Газет бетінен ғана көрген айдай сұлу Айсұлуды іздеп ауылға келуі де шытырман оқиға. Үш жігіт діттеген аруына қол жеткізбесе де, сауыншы қыздармен көңіл жарастырады. Ал Айсұлу өзінің сүйгені Серкемен тағдыр қосады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары жазылған шығармаға өзгеше бояу берген қоюшы-режиссер Рүстем Жанамановтың кәсібилігін айтып өтпеу мүмкін болмас. Өткен мен бүгінді әдемі әрі астарлы әзілмен сабақтастыра білген. Заманауи «Дипломмен ауылға», мансап қуған қазіргідей қыздардың оң жақта отырып қалуы сынды жағдаяттардың көрініс беруі. Сондықтан да көрермен ыстық ықыласпен қабыл алып, жылы қабылдайды.Бір жарым сағатқа жалғасқан қойылымды 150-ден аса жазасын өтеушімен мекеме қызметкерлері тамашалады. Жаспен жасамысы аралас 22 актердің өнеріне тәнті болып, жоғары бағалады.

Төтенше қауіпсіздік режиміндегі күнделікті қатаң күн тәртібінен бір ауық сергіп, көтеріңкі көңіл-күймен кереметтей әсер сыйлаған жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ десті. 4-жасақ құрамындағы Данияр Нұрекеевтің айтуынша, негізі осы іспеттес мәдени шаралар мекеме аумағында жиі ұйымдастырылып тұрады. Спорттық сайыстар тағы бар. Олар біз үшін өте қажет. Себебі ертеңіңе деген сенімділік пен болашаққа деген үміт отын жағады.

Жаза басып жаңылғандардың қолынан игі іс келетінін ең әуелі өзімізге сондай-ақ, қоғамға дәлелдеу. Ал 1-ші жасақ соталушысы Алексей Вовк театр әртістерінің рөл сомдаудағы шеберлігіне таңданысын жасырмады. Жұмыр басты пенденің шалыс басып, сүрініп кетуі аяқ астынан. А

л сол ойнап жүріп от басқан жандардың, жазасын өтеушілердің намысын жонып, үмітін жағып, ертеңге жетелеу – қиын іс. Тәнімен қоса жаны да тар қапаста қамалған, қоғамнан алшақ қалған адамның күнделікті күйбең тірлікке етене барып еніп кетуі неғайбіл. Осындай кезеңде оларға өзге біреудің қолтықтан демеуі, сүрініп кетсе сүйеп, құлап бара жатса демеуі керек. Күйзеліс пен тұйықтық он орап, бес байлайды. Бұл тұста дәп бүгінгідей шараның орны ерек, маңызы басым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.