Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мензаңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.
Өткен жылы 89 662 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді.
Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/ тапсырыс берушіге барлығы 2 823 хабарлама жіберілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 816 арыз-шағым түсіп, 233 арызқанағаттандырылса, 340 арыз ішінара қанағаттандырылған.
Қанағаттандырылған және/немесе ішінара қанағаттандырылған арыз-шағымдардың негізінде, заң талаптарын бұзып мемлекеттік сатып алудың заңсыз жеңімпазын айқындау фактілері анықталып 665 хабарлама жіберілді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берішілерді заңсыз жіберу бойынша анықталған 377 заңбұзушылыққа хабарлама жіберілді.
Мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілерді заңсыз жібермеу бойынша анықталған 119 заңбұзушылыққа хабарлама жіберілді.
Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың қорытынды туралы хаттамасы қайта шығарылды, яғни мемлекеттік сатып алудың заң аясындағы жеңімпазы анықталды.
Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заң бұзушылықтың жүйелі түрде қайталануына байланысты статистикалық көрсеткіш азаяр емес.
Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларына қатысты 1 097 әкімшілік хаттама толтырылып, 81 млн. теңгеден астам айыппұл салынды, оның ішінде жүйелі түрде қайталанылатын заңбұзушылықтар:
1) бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзден келісім-шарт жасау бойынша 560 фактіге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақтылы қарамау бойынша 316 фактіге әкімшілік хаттама толтырылды.
3) хабарламаларды орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны 30 фактіге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
4) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сот арыз бермегені 46 фактіге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Заң бұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілуімен қатар, бюджет қаражатының үнемделуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақытылы орындалуына кері әсерін тигізеді.
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің Басшысы А.Е.Дуйсенбаев