Жамбыл облысының әкімі Қордай ауданының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады

0 2

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов төмендегідей шешім қабылдады:

1. Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында 8 ақпан күні сағат 21.00 ден бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізуді тапсырамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.