Президент тапсырмасымен құрылған арнайы Үкіметтік комиссия төрт ауылдың тұрғындарымен кездесу өткізді

0 0

Президент тапсырмасымен құрылған арнайы Үкіметтік комиссия мүшелері бүгін таң ертеңнен кешке дейін төрт ауылдың тұрғындарымен кездесу өткізді ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда Қаракемір, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдарының тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиянақты жауап берілді. Облыс әкімі Асқар Исабекұлы ешқандай сұрақ, ұсыныс, өтініш ескерусіз қалмайтынын айтып, тікелей қадағалауда болатындығын түсіндірді.

Одан бөлек арнайы топ шекара бекетінің жұмысын көрді. Шекара қазіргі кезде қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Еркін қатынауға ешқандай кедергі жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.