Облыстық ақпараттық топтың жұмыс сапары Луговой ауылдық округінде жалғасты. Мәдениет үйінде өткен шарада облыс әкімі орынбасары Мұратхан Шүкеев бастаған топ мүшелері тұрғындармен сұхбаттасты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Диалог түрінде өткен кездесуде облыстық ардагерлер кеңесі мүшесі Қасымхан Төлендиев қоғамдағы келеңсіз жайттар, сыртқы күштердің татулыққа сына қағуы, заңсыз әрекеттерге барудың салдары, қылмыс пен құқықбұзушылық зардаптары туралы нақты мысалдар келтіріп, елді ынтымақ пен бірлікке шақырды. Луговой ауылдық округіне қарасты елдімекендерде барлығы- 10369 тұрғын болса, оның 879-ы/8,5%/ өзге этнос өкілдері екен.
Ал 1926-ы жастар, 5111-і еңбекке жарамды азаматтар болып табылады. Жиынға қатысушылар қордаланған мәселелерден бөлек ауылды бірлесе дамыту туралы да пікір білдірді.
Тұрғындар жайылым жерді кеңейту, көше жолдарын жөндеу мен жарықтандыру, оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, электр жарығына қаражат төлеудегі мәселелер туралы сауалдар қойды.