Ақпараттық топ мүшелері Құландық жастармен кездесті

0 5

Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен құрылған ақпараттық топ мүшелерінің жұмыс сапары Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жастармен кездесуден басталды  ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуде облыс әкімі орынбасары Мұратхан Шүкеев жастарға еліміздің дамуы, қоғамдық-саяси жағдай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлтаралық татулық пен бірлік, демократиялық қоғам құрудағы жарқын істер, бірлік пен ынтымақ туралы ой-пікірімен бөлісті.

Облыстық ардагерлер кеңесі мүшесі, «Жаңару» ҚБ төрағасы Қасымхан Төлендиев жастарға достық, ынтымақтастық, ұлтараздық қақтығыстарға жол бермеу, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, тұрақтылыққа қол сұғу, қоғамдық тәртіпті сақтау мен ішкі мәдениет, этика сақтау, мінез-құлық нормаларына сүйене отырып адами құндылықтарға мән беру туралы айтты.
Сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуде жастар сұрақ қойып, пікір алмасты.

Облыстық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңестің мүшесі Асхат Райқұлов кез келген жиын мен шараларды мемлекеттік тілде өткізу қажеттігі, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту туралы тың ұсыныстарын жеткізді.

Колледж студенттері А.Хавиши, Р.Хаклиманов, Ш.Ешмуратова мемлекеттік тілді күнделікті қолданудағы замандастарының ұмтылыстары туралы пікірлерімен бөлісті.

Колледж директоры С. Есеев 660 студенттің 12 пайызы өзге этнос өкілі екендігін айта келіп, оларға жасалған жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.