Бердібек Сапарбаев Құлан колледжінің жұмысымен танысты

0 0

Жамбыл облысы әкімі Б.М. Сапарбаев агросала мамандарын даярлайтын іргелі оқу орны Құлан агоротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен танысты ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы колледждің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы,материалдық-техникалық жабдықталуы, практикалық шаралар өтетін кешендер-шаруашылық алаңындағы ветеринарлық клиника, агрономиялық зертхана, дәнекерлеу, сүт, ет өнімдерінің цехтары мен жылыжай жұмыстарымен танысып, аралап көрді.

Колледждің педагог қызметкерлерімен кездесіп, аграрлық салада маман даярлау мәселелері туралы,білім беру сапасына бақылауды күшейту мәселелерін талқылап, ой-пікір алмасты.

Б.М.Сапарбаев кәсіби білім беретін оқу орны әкімшілігіне өңір қажеттілігіне сай мамандар даярлау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.