Өңір басшысы жұмыс сапары аясында Құландағы аудандық орталық ауруханада болып, ондағы жұмыс барысымен танысты — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аурухана ғимараты 2003 жылы салынған.
Барлық қызметкер саны -797 адам, оның ішінде дәрігерлер -92. Орта буынды қызметкерлер -446, кіші бикелер -122, басқа категориядағы қызметкерлер- 137.
Аудандағы денсаулық саласының көрсеткіштері туралы баяндаған бас дәрігер Ш.Мырзалиев жаңа заманауи үлгідегі типті емхана салу туралы да ұсынысын жеткізді.
Облыс әкімі азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыру,оның жүзеге асырылуы, тұрғындарды скрингтен өткізу, түрлі дертпен аурудың алдын алу шаралары, бала және ана өлімі т.б. мәселелер бойынша сауалдар қойып,дәрігерлермен сұхбаттасты. Аурухананың соңғы жылдары алған жаңа технологиямен жабдықталған медицина бөлмелерімен танысты