» Абай шығармаларының тілі» атты облыстық ғылыми конференция өтті

0 0

Абай шығармаларын насихаттау мақсатында  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Абай шығармаларының тілі» атты облыстық ғылыми конференция өтті,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Алқалы жиынға Абайтану саласының мамандары, ұстаздар мен жас буын өкілдері қатысты.

Конференция барысында профессорлар мазмұнды баяндама жасап, ұлы ойшылдың шығармаларына кеңінен талқылау жүргізді.

— Абай өлеңдері мен шығармаларында шындық бейнесі бар. Ол жай суретшілер көре алмаған нәрселерді байқай білген. Әр шығармасында адамгершілік рух, тәрбиелік терең мән жатыр,- дейді абайтанушы Рахат Саламат.

Айта кетейік, биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.