Т.Рысқұлов ауданында «Елдің елдігі-татулық пен бірлікте, ынтымақты тірлікте» атты кездесу өтті

0 9

Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылдың І тоқсанында «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумында қабылданған үндеуді іске асырудың іс- шаралар жоспарына бойынша Луговой ауылдық округі тұрғындарымен «Елдің елдігі-татулық пен бірлікте, ынтымақты тірлікте» атты кездесу өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесудің негізгі мақсаты- қоғам өкілдерінің, жұртшылықтың қатысуымен бірлік пен татулыққа, ынтымақ пен берекеге, елдікті сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, азаматтар бойында жағымды қасиеттерді қалыптастыруға негізделген іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

Кездесуге ауылдық әкімдік қызметкерлері, білім, мәдениет қызметкерлері, білім саласы басшылары, жастар ісі жөніндегі инспектор мен ерікті жастар, зиялы қауым өкілдері, көпбалалы аналар мен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мүшелері, пробациядағы азаматтар, сондай-ақ ауылдық ардагерлер ұйымы мүшелері,  ауылдық ардагерлер кеңесі мүшелері, алқа билер, келісім кеңесі мүшелері, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері, ауыл, аудан имамы, білім мекемелерінің қорғаншылық кеңесі төрағалары, ардақты аналар — алтын алқа, күміс алқа иелері,  ауыл тұрғындары, ерікті жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді жүргізген бөлім басшысы Л.Өтеулиева қоғамдағы қордаланған мәселелер, қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік саланың дамуы,қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу, дін мәселесі,ұлтаралық достық пен бірлік туралы пікірімен бөлісті.

Сондай ақ теміржол саласы ардагері А.Тоқтанаев айтылған пікірлерге өз пікірін білдіріп, ұсынысын жеткізді. Елдік пен бірлікке қатысты ой-пікір алмасу, мәселелерін талқыға салу бағытындағы кездесуде ауқымды мәселелер талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.