Тұрар Рысқұлов ауданында «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан» атты  мерекелік концерт өтті

0 15

1 наурыз- Алғыс айту күні. Осыған орай Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан» атты  мерекелік концерт өткізді,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай- ақ аудандағы этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын таныстырып арнайы көрме ұйымдастырды , ұлттық тағамдарын ұсынды. Жиналған көпшілікке ізгі лебіздерін арнап, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Айта кетейік, аудандық этно-мәдени бірлестіктер 1 наурыз -Алғыс айту күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.