Жамбыл облысында жаңа COVID-2019 ауруы анықталды

0 6

5 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 159-шы жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас 1993 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол дене қызуының жоғарылауы және әлсіздікке қатысты шағыммен тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген. Жүргізілген ПТР-тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Байланыста болған тұлғаларды анықтау, оларды карантинге орналастыру және зертханалық талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар атқарылды.

Ағымдағы жылдың 5 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 159 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 75, Байзақ ауданында – 11, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Барлық індет жұқтырғандардың 51-і сауығып, үй карантиніне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.