Бердібек Сапарбаев: Абаттандыру жұмыстары кешенді жүргізілуі керек

0 5

Тараз қаласының сәулеттік келбеті қалай жаңғыруда, оны жандандыра түсу үшін қандай шаралар қабылдау керек? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың облыс орталығын кезекті рет аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың жай-күйімен танысу барысында сараланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Адамбаев көшесінің бойымен жалғасып, «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығының маңында орналасқан сквер алдағы уақытта әдемі әрі жайлы орынға айналады деп күтілуде. Мұнда су бұрқақтары, беседкалар, қала тарихы жазылған қабырғалар, су дөңгелектері, үлкен құмыралар, шығыс стиліндегі кофеханалар мен сауда павильондары, автотұрақ пен балалар алаңдарын салу жоспарланған. Іргеде орналасқан күрделі жөндеуден өткен көне «Әулие-Ата» мешіті өз орнында қалады. Нысан құрылысына жергілікті материалдар қолданылуда десек, оған тартылған 30 жұмысшы да өңір тұрғындарынан құралған. Нысанды белгіленген мерзімнен әлдеқайда ертерек, яғни 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда.

Былғары зауыты маңында, «Дос-Нар» сауда орталығына қарама-қарсы орында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі бой көтеруде. Аймақ басшысы құрылыстың барысымен танысып, кейбір сәулеттік шешімдер туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, ол каналдарды тазарту, қураған ағаштарды бұтау және жалпы абаттандыру жұмыстарының орындалу жағдайын барлады. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған ескерткіш маңында орналасқан сауда орындарының сыртқы келбетін бірыңғай үлгіде болуын қамтамасыз етуді жүктелді.

Сондай-ақ, айта кету керек «Айя-Сервис» ЖШС Сүлейменов көшесінің бойындағы 3,4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын жөндеуде. Алдағы уақытта көшенің өзі де жөндеуден өтпек. Жақын маңдағы су жүрмейтін арықтар да өзге жоба аясында ретке келтірілетін болады.

— Тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін жұмыстарды кешенді түрде жүргізу керек. Ол үшін бір мезгілде көше бойындағы арықтарды реттеу, жарықтандыру, қоғамдық көлік аялдамаларын жөнге келтіру секілді шаруаларымен де қатар айналысудың маңызы зор, — деді облыс әкімі.

«Үш бұлақ» жағалауындағы амфитеатр және сахна салу жобалары аймақ басшысы тарапынан қолдау таппады.  Онда жасыл желек пен бос алаңның көп болуынын пайдасы, тараздықтардың балаларымен бірге демалатын көгалдарды көбейтудін маңыздылығына көңіл бөлінді.

Қаладағы жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Памирская көшесінің орташа жөндеу жұмыстарының барысынан хабардар болды. Ол шаһардың осы аймағында ретке келтірілетін 18 жобанын бірі саналады.

Орындалған жұмыстардың сапасын бақылайтын жұмыс топтары белсенді әрекет ету керек. Аптасына штаб отырысын жинап, әр нысандағы жағдайларды талқыға салыңыз. Қажет болса, заңды шаралар қолданыңыз. Бір айдан кейін біз алдын-ала нәтижелерді шығаратын боламыз, — деді Бердібек Сапарбаев қала әкімі мен басқа да жауапты тұлғаларға тапсырма жүктеп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.