Талас ауданындағы Майтөбе ауылына ауыз су беріледі

0 8

Көп жылдан бері құдық суын пайдаланып келген Талас ауданы Майтөбе ауылының тұрғындары енді сапалы ауыз суды тұтынады, — деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Талас ауданындағы 23 елді мекен болса, 15-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл -65,2 пайызды құрайды. Ал ауз су берілеген 8 елді мекеннің мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Соның бірі-Майтөбе ауылы. 1761 тұрғыны бар елді мекенге су тарту жұмыстары былтыр басталған болатын.

Оған 298 228,8 мың теңге қаражат бөлінген. Қазір жұмыстар толық аяқталуға жақын.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.