Талас ауданында демеушілер есебінен -235 жоба жүзге асырылған

0 4

Биыл Талас ауданында 291 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың жалпы құны-238 млн. 802 мың теңгені құрайды. Қазірдің өзінде 235 жоба аяқталды ,- деп жазады  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қалған 56 жоба қазан айында аяқталады. Ағымдағы жылы демеушілік есебінен 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын 190 жобаның ЖСҚ дайындалды. Оның ішінде, 15 жоба орташа жөндеу, 175 жоба ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін 58 млн. теңге жұмсалған. ( Демеушілері – «ДосСтрой-01», «ТДС-СтройПрект», «KDM-Project» ЖШС-тері және «Бижан» ЖК.
Сондай-ақ, «KazExpressStroi» ЖШС-нің демеушілігімен 6 млн. 381 мың теңгеге 2 мектептің әжетханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жобалардың ішінде көшелерді жөндеу, абаттандыру, мешттің сыртқы қоршауларын ауыстыру, каналдарды тазарту, жағалауды бекіту жұмыстары да бар.
Кәсіпкерлер аудандағы жағдайы төмен, жалғыз басты, көп балалы отбасыларға да қол ұшын созып келеді. 754 отбасына жалпы құны 6 млн. 786 мың теңге көлемінде азық-түлік себеті алынып, қайырымдылық көмек көрсетілген. Мұнда шаралардан мектеп бітіруші түлектер де қалыс қалған жоқ.
Олар Ойық ауылындағы Т.Рысқұлов көшесіне балалар ойын алаңшасының орнатылуына ұйытқы болды.

Ауылдық округтерде демеушілікпен 4523 түп жеміс ағаштары отырғызылды. Мұндай жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.