Жамбыл облысы Жуалы ауданына орналасқан Бурное-Октябрьскі көне қалашығында қазба жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қазба жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері атқаруда. Оған тек өңіріміздің ғана емес, сонымен қатар Түркістан облысынан да келген еріктілер атсалысуда.
2018 жылы басталған қалашықтың егжей-тегжейлі қазба жұмыстары әлі күнге жалғасуда. 2018 жылға дейін бұл аймақта тек барлау экспедициялары жүргізілген.
«Арк ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбековтың айтуынша, 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI — XIII ғасырларға жататын 3000-нан астам артефактілер табылды.
Бүкіл керамикалық ыдыстар, керамика фрагменттері, ұн тартқыштар, тасты диірмендер табылған.
Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізілуде.
Бұл аймақтың тұрғындары оны Баркуаб деп те атайды. Араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында елді мекенді осылай деп келтірген. 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы осы елді мекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтаың жазбаларынан бұл елді мекен туралы кездестіруге болады. Қалашықтағы аса бүлінбеген қабырғалар, күмбез түріндегі төбелер, кең дәліздер және шағын бөлмелер барынша сақталған. Археологтардың пайымдауынша, сол кездегі адамдар мұнда салт-жораларғыларын өткізген.
Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша «Asyl Mura» волонтерлік жобасын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
«Үлкен аумақты алып жатқан Бурное-Октябрьскі қалашығын Қаңлы империясының гүлдену кезеңіне жатқызуға болады. Қала орнында қазір Нұрлыкент, Теріс, Бақалы ауылдары орналасқан»,- дейді Е.Төрбеков.
Бурное-Октябрьскі қалашығы Жамбыл облысының киелі жерлерінің географиясына енетін Қазақстанның оңтүстігіндегі Ұлы Жібек Жолының солтүстік тармағының бойындағы 37 негізгі туристік нысандар тізіміне кірген.
Ескендірбек Төрбеков қалашықтың өңірімізде ерте кезден-ақ сәулет, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, әсіресе егін шаруашылығының жақсы дамығандығының дәлелі екенін атап өтті.
Айрықша айтып өтетін жағдай, сол кездегі ирригациялық жүйелердің бүгінгі күнге дейін бұзылмағандығы. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен ежелгі Русьтен айырмашылығы бұл қалашық тұрғындары сол кезде-ақ су құбырлары және кәріз желілерін салып, пайдаланған.