«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының орынбасары тағайындалды

0 15

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының орынбасары тағайындалды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қыдырғалиұлының 07.08.2020 жылғы №116JQ  бұйрығымен партия Жамбыл облыстық филиалы  Төрағасының орынбасары болып Мәтен Мәди Мейірбекұлы  тағайындалды. 

Мәди Мейірбекұлы —  1984 жылдың 16 маусымында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 

2006 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында «Баспахана» жауапкершілігінде бастаған. 

2005-2009 ж.ж  Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы қызметінде болды.

2009-2010 ж.ж. Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің жетекшісінің қызметін атқарды.

2010-2011 ж.ж. Жуалы ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі жетекшісі болған.

2011-2012 ж.ж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды.

2012-2017 ж.ж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық  бөлімінің меңгерушісі, басшысы қызметін атқарды.

2017-2019 ж. ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметінде болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келді. 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.