Тараз қаласында тоғызқұмалақ ойын алаңы ашылды

0 15

Қала күніне орай Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Ұлттық тоғызқұмалақ ойын алаңы» ашылып, тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ұлттық спорт түрін насиаттау барысында ұйымдастырылған шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев, ҚР тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Батырбек Құлекев, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев алғы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Тоғызқұмалақ ойынын халық жақсы біледі. Қазірде біз бұны қатта қолға алып жатырмыз. Былтыр Түркия елінің Кемер қаласында алтыншы олимпиада өтті. Оған Тараз қаласынан 8 адам қатысып қайттық. Өткен жылыда біз орталық алаңда шатыр тігіп 2 ай бойы жастар мен үлкен кісілерге тоғызқұмалақ үйреттік. Қазірде барлық мектептерде тоғызқұмалақтан қосымша сабақтар жүргізіліп жатыр, — дейді  ҚР тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Батырбек Құлекев.

Ойын алаңында 5 мәрмәрдан жасалған тоғызқұмалақ үстелі орналасқан. Жарысқа өңірдегі ардагерлер мен жастар, мектеп оқушылары қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздарға құттықтау қағазыдары мен ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.

Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.