«Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолдары қардан тазартылуда

0 27

Сарысу ауданы көлемінде 2021 жылдың 13-14 наурызда дауылды жел болып, арты қалың қарға ұласты. Осыған байланысты 15 наурыз күні ауа райы жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар жолдарды яғни «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында тазалау жұмыстары жалғасын тапты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

13-14 наурызда «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында Сарысу жолдары ЖШС-нің тарапынан 2- ЗИЛ 130, 3 –Камаз, 2- тиегіш, 1 – МТЗ 80 техникалары қар тазалауға шыққан. Қардың қалыңдығы 45-50 см болғандықтан және боран басталғаннан кейін жұмыстар тоқтатылған етін.

Қар тазалау жұмыстары кезінде Жаңатас-Саудакент автокөлік жолы тазаланып ашылды.

Қазіргі таңда, Жаңатас қаласының ішінде «МирАйСаудакент» ЖШС-і, «ЕвроХим» ЖШС-і және басқа да жеке кәсіпкерлердің тарапынан қар тазалау жұмыстары атқарылуда, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар объектілердің алдында және қаланың басты көшелері (Жібек-жолы, Асфандияров, Мұқанов, Смаханұлы, Сұлтанғазиев, Абай, Құрақбай, Уалиханов, Пушкина, Қажымуқан, Құдайбердиев, Қойгелді батыр, Ақмешіт, Ш.Датқа, Бижанов, Клочков, Мұратбаев, Құрманғазы, Амангелді, Бокин, Момышұлы, Байсеитов) қардан тазартылды.

Қала ішінде тазалау жұмыстары жалғасуда(жұмылдырылған техникалары 8-погрузчик, 1-грейдер,1-МТЗ 80).

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімшіліктердің тарапынан ауылдардың ішінде тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.