«Nur Otan» партиясының қатары толықты

0 15

Астана күні аясында «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шарада жаңа нұротандықтарға партиялық билеттерін партия төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов тапсырды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында белсенді жастар билік партиясының қатарын толықтырды. Бұл жастарға артылған сенім мен мол мүмкіндік. Елдік мүдде жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деп партия қатарына қабылданғандарға төсбелгі мен билеттерін табыстады.

Партия мүшесі атанғандар қатарында мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер мен сан түрлі сала мамандары бар.

— Партия қатарына қабылданып, нұротандық атану мен үшін үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта Елбасы бастамаларының жүзеге асырылуына өз үлесімді қосу үшін аянбай еңбек етемін, — дейді қала әкімі аппаратының бас маманы Ербол Назаров.

Айта кету керек, Жамбыл облысының 55 мыңнан астам тұрғыны «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.