Сарысу ауданында сүт цехы ашылды

0 8

Баршамызға мәлім, біздің халық үшін сүттің орны бөлек. Қазақ қашаннан «Ақ мол болсын» деп, сүт өнімдерінің қадіріне ерекше мән берген. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 6 шілде — Елорда күні мерекесі қарсаңында Сарысу ауданында сүт цехы ашылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Ауданда өндірілетін азық-түлік өнімдерінің 20 пайызы сүт өндірісінің үлесінде екендігі белгілі. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде, аталған сүт цехы заман талабына сай технологиямен жабдықталған.

— Осы игі істі абыроймен атқарған «Байтұр 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Фархат Шаймқұловқа ел алғысы шексіз. Сүт өңдеу цехының ашылуынан ауданымыз үшін тек игілік күтеміз. Себебі, сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату қай тарапқа да тиімді. Біріншіден, өнім түрі молаяды, екіншіден, халық сұранысын қамтамасыз етеді. Ауданымызда халықтың игілігі үшін жасалып жатқан көптеген нысандар ашылып, қарқынды жұмыс жасалынып келеді, — деді цехтың ашылуында аудан әкімі М. Сұлтанғалиев.


Сондай-ақ, аудан басшысы аталмыш цехтың алдағы атқаратын жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. Бұған қоса, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев сарысулықтардың қуанышымын бөлісіп, бүгінгі күннің қуанышты сәттерінің куәсі болды. Қариялар қауымы ақ жарма тілектерін арнап, салтанатты түрде цехтың ашылуы өтіп, ақ баталарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.