Тараз қаласы, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің 2-сынып оқушылары арасында Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, тілді жетік меңгеру аясында «Special days» тақырыбында ашық сабақ өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Тіл өнері-қиын өнер, өзге өнердің қай-қайсысы оған тең келе алмайды» деген Ғ.Мүсіреповтың сөзі, әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін өте маңызды. Сондықтан, бастауыш сыныптағы тіл сабақтарына мұғалімнің жан-жақты әзірлігі, оқушылардың жас ерекшелігі мен белсенділік ерекшелігін есепке алуы, білім-таным деңгейлерін ескере отырып, сабақты ұйымдастырудың маңызы зор.
Сабақтың мақсаты оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білм беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілін құрметтеуге үйрету. Оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйрету.
Сабақ жаңа технологияларды пайдалана отырып, өткізілді. Сабақты әсем әуенмен, амандасумен бастадық. Оқушылар жыл мезгіліне сай топқа бөлініп, жыл мезгілдеріне сай ерекшеліктерді атап, ағаштарды безендірді. Жаңа сабақты интербелсенді тақтамен жұмыс жасау барысында, таныстырдым. Оқушылар сабақта қызығушылықпен белсенділікпен қатыса отырды. Оқушылар жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындады. Оқулықпен жұмыс жасалды. Сабақ соңында оқушылар мұғаліммен кері байланыс жасап, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар білімдеріне сай бағаланды.
Сабаққа қатысқан ұстаздар, сабақтың оқушылар үшін қызықты болғанын жеткізді және бірыңғай, топқа бөліну талабына сай оқушылардың киімдеріне баса назар қойылды. Жаңа технологиялармен өте көп қолданылғандылығы айтылды.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектеп.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Әтен Мөлдір Еділханқызы