HALYQ YMITI әлеуметтік идеялар байқауының жеңімпаздары «Халық» қайырымдылық қорынан 50 миллион теңге алады
«Халық» Қоры «HALYQ YMITI» әлеуметтік идеялар байқауының қорытындысын шығарды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 50 млн теңге құрды.
Қыркүйек айының басынан бастап байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 405 өтініш келіп түскен. Байқауға қатысушылар көп балалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, оқыту және жұмысқа орналастыру; жалғызбасты қарттарға көмектесу және мектеп оқушылары мен студенттерге арналған білім беру жобалары бойынша әлеуметтік бастамаларды ұсынды. Байқауға қатысу өтініштерін қарастыру барысында Қордың Қамқоршылық кеңесі әлеуметтік мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын, жобаны кеңейтудің орындылығы мен мүмкіндігін, күтілетін әлеуметтік тиімділігін және шешу әдістерінің жаңашылдығын бағалады.
«Халық» ҚҚ Қамқоршылық кеңесі Байқау сайтында өткізілген көпшілік дауыс беру нәтижелерін назарға алып, ашық дауыс беру арқылы еліміздің барлық аймақтарынан 50 идеяны таңдады. Байқаудың әрбір жеңімпазы 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Қор өз үндеуінде: «Байқау жеңімпаздары шын мәнінде өзекті идеяларды ұсынды, олар, әрине, жүзеге асыруға лайық. Қатысушылардың енжарлығы мен қызығушылығы қоғамымыздың әлеуметтік мәселелерін шешудің кілті болып табылады. Осымен тоқтап қалмай, алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! Барлық идеялар орындалсын – біздің әлем жақсаратынына сенімдіміз!» — деп белгіледі.
Байқау жеңімпаздары өздерінің жан толғанысы мен жоспарларымен бөлісті:
Асемгуль Абылкасенова, Нур-Султан қ.: «Байқауда жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз! Біздің жоба – «Ел жастарының қаржылық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу». Қосымша кәсіптік білім беруге арналған онлайн оқыту жастардың жүйелі білімдері мен басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесін біріктіреді. Кейіннен масштабтау арқылы еліміздің 2 облысында 2 айға пилоттық режимді іске қосуды жоспарлап отырмыз. «Халық» ҚҚ, сондай-ақ біздің идеямызға бей-жай қарамайтын, дауыс берген барша жандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!»
Виктория Роденкова, Алматы қ.: «Мен өте бақыттымын! Байқауды ұйымдастырушыларға әлеуметтік жоба – «Нақты істерге арналған онлайн платформаны» таңдағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Менің мақсатым – Қазақстанда өзара көмек қозғалысын құру және дамыту! Жобаның негізі акселератор веб-сайты болады, онда адамдар қандай көмек қажет екендігі туралы жаза алады, ал еріктілер қандай қолдау көрсете алатынын таңдай алады.».
Жеңімпаздар тізімі www.halyqumiti.kz сайтында жарияланған.