Қазақ жүкті әйелге түйенің етін неге жегізбеген?

0 399

Ырым – тәрбие-тағылым ба? Көрпеш ұғымы, қасқыр тарамысын күйдіру, түйеден аттау, тізгін керу, ит көйлек, шілдесу, үйірін күту, бала сату туралы не білеміз?

Қазақ – ырым-тиым арқылы ұрпақ тәрбиелеп, ата салтын жаңғыртып отырған халық. Жалпы көшпелі халықтың қатты ырымшыл болатыны белгілі. Жаман ырым болмайды. Ырымдай алмайтын адам болады. Жақсы ниеттен туған жақсы амал есептелетін ырымшылдық таза сенім мен талғар түйсікке жетелеп, рухани тегімізге жақындататыны ақиқат.

Ырымға сенбейтін адам болмайды. «Сенбеймін» деген адам да басына іс түскенде өзі іздеп табады.

Соның ішінде, Жүкті әйелді түйеден аттату немесе астынан өту

Жүкті анаға ырымдап, түйе сүтін, шұбатын ішкізбейді, түйе етін жегізбейді. Себебі, жүктілік уақыты ұзарып кетеді деп есептеген. Бұл ырым түйе ботасын 13-14 ай көтеретінімен байланысты болса керек. Оның үстіне боталар кезде «бошалап» алысқа кетеді. Бұл түйенің боталар кезде қатты қиналатынын білдіреді.

«Түйенің үстінен аттату немесе түйе жүнін тұтатып аттату» – егер жүкті ананың босанатын мерзімі созылып кетсе немесе байқаусызда түйе сүті мен тағамын жеді деп есептелсе «түйеден үш рет аттататын» немесе түйенің астынан өткізетін болған. Кейде бураның бас сүйегін төрге іліп қояды.

Ал қазір қалада, түйе жоқ жерде «жүнін тұтатып, содан аттатады немесе суретін сызып, содан аттатады». Бір қызығы сол ырымды орындаған кезден кейін-ақ толғақ басталады екен. Ал сенбей көріңіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.