«Мен саған аспаннан қарап тұрамын деді»: Тамара Асар әкесінің өзі айтқан уақытта өмірден озғанын жеткізді

0 65

Тамара Асар әкесін еске алды. Асқар тауынан айырылған әнші оған деген махаббаты мен сағынышын айтты. Сөзінше, әкесі қай күні өмірмен қоштасатынын алдын ала біліп айтып кеткен екен.

“Әке, мен сенің жүзіңнен төгілген нұрдың тамшысымын. Бүгін менің әкемнің күні… Бірде әкем ауылдағы үйдің айналасын реттестіріп жатсақ, мына жерге былай, мына жерді былай деп, бізге тапсырма беріп жатыр. Менің жүрегім “зуу” ете қалды. Әкемді Тәте деп атайтынмын. “Тәте” қайда асықтыңыз?” Жаман нәрсе айтпаңызшы” деп едім. “Әй, қарағым, мәңгілік ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Аллаға қайтар күні бар әр пенденің. Мен ораза айында, жұма күні қайтам ғой. Халқым, елім патшадай ғып өздері шығарып салады Алла қаласа”,  – деді аспанға қарап, риза болып жымиып… ”Сіз кетсеңіз, қалай ән айтамын?” дедім. “Саспа балам, мен кеткенде сен бұрынғыдан да күштірек айтатын боласың, мен жоғарыдан қарап тұрамын” деп тағы да жып-жылы болып жымиды”, – деді Тамара Асар.

Айтуынша, әкесі өзі ескерткендей дәл ораза айында, жұма күні өмірден озған. Бұл 17 мамыр күні еді. Әнші әкесінің көзі тірісінде өлімге дайындалып, алдын ала ескерткенін айтты. Тіпті өмірден озар күнді де дәл айтыпты.

“Өзі айтқандай, 17 мамырда, ораза айында, жұма күні көз жұмды. Сонымен 19 жылдың 19 мамыр күні, иін тірескен халық, ағайын-туыс, жекжат-жұрағат, жергілікті басқарма тұлғалары мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып, ресми жиын, Ақтәтемнің бізге өзі реттеткен ауласында, өзі дайындатқан қазандығынан ас беріп, мәңгілік сапарға шығарып салдық. Бәрі сол кісінің айтып кеткеніндей дәл келді. Мен әкеммен көп сырласатынмын. “Мені есіңе алғанда жылап емес, жымиып еске алуға тырыс” деген еді Ақтәтем, жаныңыз жәннантта шалқысын”, – деді әнші.

Ата-ананың қадірі туралы сөз етті. Әке-шешенің тәрбиесі балаға өмір бойы азық болады деп қорытты.

“Ата-Анаңыз көзі тірісінде көп сырласссаңыз, шешілген шерлі сыр, айтылған ақыл, жасалатын дұрыс әрекетке жол салып, өмір бойы өзіңіздің ой діңгегіңізге қорек болады екен”, – деді Тамара ханым.

“Жақсы адам еді аға. Иманды болсын! Көркем мінезді еді-ау жарықтық”, “

“Желеп, жібеп жүрсін! Шапағаты тисін, Жәнната болсын жаны!”, “Жаныңыз жәннетте болсын, Қалнияз ұстазым”, “Жаны жаннәтта болсын.
Жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын”, “Аллам алдынан жарылқасын”, “Жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннәтта болғай! Көрмеген қызығы мен топырақ жасын ұрпақтары сіздерге нәсіп еткей!” деп жазды марқұмның көзін көргендер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.